6 қаңтар күні танымал продюсер Баян Алагөзова Алматыда туыстары, достары мен әріптестері арасында 45 жасқа толған туған күнін атап өтті.
Алагөзова екінші күйеуі Тұрсын Алагөзовке «Сенімен бақыттымын, өткен нәрсе өтті» деген сарындағы махаббат әнін арнап, оны биге шақырды. «Сүйіктісі» де өнерден құр алақан емес екенін дәлелдеп, мейрамхана сахнасында ән шырқады.
Туған күн кешіне продюсердің ең жақын құрбысы Динара Сатжан Астанадан арнайы келіп, жүрекжарды тілегін айтты.