$ 514.65  544.6  5.17

«Күйеуі жайлы өсек тараған»: Мұхитденова Әуелбековамен татуласқанын мәлімдеді

Мөлдір Әуелбекованың есімі аталған жерден бойын аулақ ұстап келген Бағым Мұхитденова енді онымен татуласқанын мәлімдеді. Мөлдір бұрынғы ұстазымен расында татуласқан екен. Осы уақытқа дейін экс-продюсерлерін жеке концертіне шақырдым дегенімен, олардың тарапынан бұл мәселеге қатысты жауап болмады.

Ал күні кеше Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековамен татуласқанын растады. Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды.

Әуелбекова желтоқсан айында өткен концертіне Бағым және Баян Мақсатқызын шақырған. Алайда апалы-сіңлілі продюсерлер бұл кешке қатыса алмады. Оның себебі екі жақтың араздығында емес, басқада.

«Жеке концертіне Баян Мақсатқызын және мені екі рет шақырды. Бірақ өкінішке орай бара алмадық. Біздің дәл сол күнге, алдын-ала жоспарымыз құрылып қойған. 1-желтоқсанда Алматыда «Жыл таңдауы» марапаты өтті. Маған сол жоба аясында жүктелген жұмыстар бар еді», – дейді Бағым Мұхитденова.

«Мен өзім сондай жұмысқа немесе өмірге байланысты, болсын бір адаммен қарым-қатынасым дұрыс болмаса, мен өзім іштей тыныштық таппаймын. Сол себепті уақыт келе нүктесіне келіп тұр өзі», – дейді Мөлдір Әуелбекова.

Баян Алагөзованың көңілін тапқан Мөлдір кейіннен Бағым Мақсатқызының да алдынан өткен. Тіпті, концертіне келе алмаған ұстаздарын екінші қуанышына тағы шақырған. Бұл – Мөлдірдің «Құрмет» орденін иеленгеніне орай ұйымдастырған кеші болатын.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары