$ 494.87  520.65  4.91

«Өнер адамына тұрмысқа шықпаймын дегем»: Ақбота Сейітмағамбет қызғаныш туралы айтты

«Гламур для дур» фильмінен кейін Дәурен Айдарқұловпен кездесе бастаған Ақбота Сейітмағамбет өнер адамына тұрмысқа шығатынын мүлдем ойламағанын айтты. 

«Негізі кішкентай кезімде «өнер адамына тұрмысқа шықпаймын» дегенмін. Бірақ Алла Тағаланың қалауымен жолдасым өнер адамы болды. Бір жағынан өнер адамы болғаны да дұрыс болыпты. 

Өзіңді қолдайды. Сені түсініп, қызғанбайды. Артық әңгіме айтпайды. Түсірілім алаңына кетіп бара жатқан кезде, «кеттім» деймін. Ал өнер адамы болмаса, қызғаныштан ұрыс-керіс болуы мүмкін ғой», - дейді ол «НТК» арнасының «Ревю» бағдарламасында.

Айта кетейік, Сейітмағамбет Айдарқұловтың екінші әйелі. Олардың ортақ некелерінен 1 ұл, 1 қыз бала бар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары