$ 494.87  520.65  4.91

«Осынша көп ананың жалған сөйлеуі мүмкін емес»: Баян Алагөзова министрлерді «оятуға» кірісті

Астанада 1 үйдің 5 бірдей қызы тірідей жанып кеткеннен кейін жер-жерде көпбалалы аналар бас көтеріп, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтан баспана мен әлеуметтік жағдайларын көтеруді талап етті. Алайда үкімет бір аптаға жуық уақыт өтсе де, нақты жауап бермеді. Осы орайда продюсер Баян Алагөзова министрлерді бей-жай қарап отырмауға шақырды. 

Продюсер сөзін әлеуметтік желі парақшаларындағы көпбалалы аналардың жанайқайына толы видеолардың көбейіп кеткенімен бастады. 

«Мен де анамын. Мемлекет алдымен балаларды, болашағымызды қорғауы керек деп ойлаймын», – деп ол үкіметті басты проблемаға назар аударуға шақырды. 

Баян Алагөзова өзінің 2 қыз тәрбиелеп отырғанын алға тартып, қашан да көпбалалы аналарды қорғайтынын жеткізді. 

«Министр мырзалар, ояныңыздар. Халықтың айтып отырған базынасына құлақ асыңыздар. Осынша көп ана жалған сөйлеуі мүмкін емес. Бұған көз жұмып қарауға болмайды. Жаңалық үш күн ғана өмір сүруі мүмкін. Бірақ бұл мәселенің көтерілгеніне аптаға жуықтады», – деп сөзін сабақтады ол. 

Еске сала кетейік, 4 ақпанда Астанадағы аудандардың бірінде кенеттен шыққан өрттен 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылғы 5 қыз бала қаза тапты. Оқиға болған сәтте олардың ата-аналары үйде болмаған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары