Танымал әнші Димаш Құдайберген 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай кішігірім тосынсый дайындап жатыр. Ол «Аққуым» әніне түсірілген бейнебаянды жұрт назарына ұсынбақ.
«8 наурызға менен кішігірім тосынсый. Жуырда...», - деп әнші Instagram-дағы парақшасында бейнебаянынан үзінді бөлісті.
«Аққуым» әніне бейнебаян түсіріп жатқанын әнші ақпан айының ортасында мәлімдеген болатын.
Бұған дейін бұл композицияны Димаш опера әншісі Майра Мұхамедқызымен бірге орындаған еді.
Еске салсақ, 22-23 наурызда Димаш Құдайберген Мемлекеттік Кремль сарайында өзінің жеке концертін береді. Ал 29 маусымда Астана күніне орай кеші өтеді.