$ 448.15  483.46  4.86

Тұрсынбек Қабатов: «Есен екеуміздің арамызда 2005 жылдан бері түсініспеушілік бар»

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов Қазақстан КВН одағының төрағасы Есен Елеукенмен арадағы түсініспеушіліктері туралы ашып айтты.

«Есен екеуміздің арамызда 2005-тен бастап келе жатқан түсінбеушілік бар. Оны өзі де біледі. Айтпай жүргені де сол. Ал мен өзім КТА-мен айналысып жүрмін. Бұған Есен Елеукен кінәлі емес. Бұл жерде басқа әңгіме бар», – деді Тұрсынбек Қабатов Talke like ютуб-бағдарламасына берген сұхбатында.

Айтуынша, Есен екеуі КВН ойындары кезінде сөзге кеп қалған. Оған себеп болған Тұрсынбектің Ұлттық арнада ашпақшы болған бағдарламасы екен.

«Мен осыдан он жыл бұрын лига ашамын деп ойлағанмын. Сол кезде Есен аға келіп ашпай-ақ қойғанымды айтты. Содан оны тоқтатып қойдым. Сөйтіп «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Көңіл ашар» бағдарламасын ашатын болдым. Оған қатыстыру үшін Есен Елеукен арқылы «Жайдарманның» балаларымен келісіп қойдым. Бірақ тура түсіретін кезде Есен балаларға хабарласып «Тұрсынбекке кімде-кім барса, «Жайдарманға» келмесін деп айтыпты». Қайта 4-5 бала келді. Бірақ бағдарламам күйіп кетті. Ол үшін оған ренжімеймін. Қазір амандасамыз, сөйлесеміз. Бірақ сөзге келмейміз», – дейді шындықтың бетін ашқан Тұрсынбек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары