$ 494.87  520.65  4.91

«Нұрлан мен Мұрат» тобының әншісі: «Бес әйелім бар» (ВИДЕО)

«Нұрлан мен Мұрат» тобының әншісі бес әйелі барын айтты. Нұрлан Әміровтың кенже әйелі өзінен 20 жас кіші екен. Бұл туралы ол «Өз ойым» бағдарламасында ашық айтып берді.

Әншінің айтуынша, бес әйелінен 6 бала тәрбиелеп отыр екен. Бірақ үш әйелімен айрылысып үлгеріпті. Олар басқаға тұрмысқа шығып кеткен.

«Шынымды айтайын, Алладан жасырамағанды ешкімнен жасырмаймын. Менің бес әйелім бар. Бір-бірімен араласады. Бірінші әйелім және кішісі тұрмысқа кетті. Жібердім. Бір баламыз бар. Ол қазір келініммен бірге қолымда тұрып жатыр. Екіншісі де тұрмысқа кетті. Бір қызымыз бар. Үшіншісі қасымда. Ал төртіншісі де тұрмысқа кетті. Бесіншімен біргеміз», - дейді әнші.

Нұрлан Әміров бес әйелінің де барлығын жақсы көргенін айтады. Бірақ үшінші әйелімен ғана заңды некеге отырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары