$ 514.65  544.6  5.17

Мәдина Сәдуақасованың жартылай жалаңаш суретіне күйеуі не дейді?

Екі бірдей бейнебаянын жарыққа шығарып, шетелге демалуға кеткен Мәдина Сәдуақасова ашық-шашық суреттерімен жұртты біраз шулатқан еді. Әншінің купальникпен, қысқа шортымен түскен фотолары Instagram мен БАҚ-та қызу талқыға түсті. Бұдан Мәдинаның күйеуі де хабардар болған. Бұл туралы ол «Түнгі студия» бағдарламасында айтты. 

«Ол кісі Instagram-да жоқ, бірақ барлық жаңалықтарды оқиды. Жаңалықтан көргеннен кейін жазды маған. Ол маған ұрыспайды, қатты сөйлемейді. Жай сөйлеп, барлығын түсінікті қылып жеткізеді», - дейді Мәдина.

Иә, Сәдуақасованың күйеуі купальникпен түскен суреті үшін Мәдинаға ұрыспаған. Есесіне ескерту жасап, фотоның өшірілуін және келесіде қайталанбауын талап еткен.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары