$ 494.87  520.65  4.91

«Қызғанды»: жас қызға үйленген Абай Бегей балаларымен қарым-қатынасы қалай өзгергенін айтты

Өзінен 16 жас кіші қызға үйленген әнші Абай Бегей жақында ғана сәбилі болды. Бұл жағдайды балалары қалай қабылдады? Бұл туралы әнші «31-арнадан» шығатын «Айта берсін» бағдарламасында сөз қозғады. 

Әнші үйден сәбидің үні шыққанда қатты қуаныпты. Алайда балалардың көңіліне қатты алаңдадым дейді ол. 

«Басында қызғанды. Бірақ кейін баланы иіскеп үйреніп кетті. Аллаға шүкір. Өзім осы қызғаныш бола ма деп уайымдап, содан қорқып едім», – дейді ол.

Айта кетейік, Абай Бегей 2018 жылы өзінен 16 жас кіші қызға үйленген болатын.  Әншінің екінші некесінен Мүсілім атты ұл бала бар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары