Бұған дейін бойы кішкентай қыздарды клипіне түсірмейтінін айтып, жұрттан сөз естіп қалған Нұрболат Абдуллин тағы да аңдамай сөйлеп, елді шулатты.
Осыдан 2 апта бұрын ғана Абдуллиннің «Ұнатпа мені» деген әнінің бейнебаяны көпшілікке жол тартқан болатын. Әнші жаңа туындысында өнер көрсеткен бойжеткен жайлы Анна Данченкоға берген сұхбатында баяндады.
«Кейбір әдемі қыздар камерада көрінбей қалады. Ал кейбір камера пошымды қажет етпейді. Клипімдегі қыз әдемі деп айта алмаймын. Бірақ шүкір, қазақтың қызы», – деді ол.
Оның бұл сөзін естіген желі қолданушылары «Өз түріңе қарасаңшы. Сымбаттымын деп тұрсың ба?», «Біздің елдің қыздары ең әдемі деп несіне айтып жүрсің?», «Қазақ қызының бәрі әдемі. Ойланып сөйлеңіз» деп пікір қалдырды.