Тель-Авивте Евровидениенің алғашқы жартылай қорытындысы өтті, деп жазады Life.ru.
Көрермендерге көп ішінен топ жарғандардың есімі белгілі болды. Үздіктер қатарында Греция, Белоруссия, Сербия, Кипр, Эстония, Чехия, Аустралия, Исландия, Сан-Марино мен Словенияден келген өнерпаздар бар. Байқаудың алғашқы кезеңіне 17 әнші мен бірнеше топ қатысқан болатын.
Ән байқауының екінші жартылай финалы 16 мамырда өтеді. Ал жарыс қорытындысы 18 мамырға жоспарланған.