$ 448.56  478.03  4.79

«Сүйіскенде пластмассаның дәмі шығады»: қыз іздеп танылған актер бойжеткендердің жасандылығы жайлы айтты (ВИДЕО)

Instagram әлеуметтік желісінде анасы екеуі қыз іздеп танылған Жахан Отарғалиев Ләйлә Сұлтанқызына сұхбат беріп, қыздардың табиғи сұлулығы жайлы сөз қозғады. 

«Жасыратыны жоқ, кездесуге қыздарды киноға шақырамын ғой, сол кезде айтамын өтініш боянбай шықшы деп. Негізі боянып шыққаны дұрыс екен ғой»,  – деп күліп жіберді актер. Осы кезде Ләйлә Сұлтанқызы «қыздар, қастарыңызды жұла беріңіздер, еріндеріңізді качать ете беріңіздер» деп бойжеткендерге кеңес бере жөнелді. Ал Жахан болса, «бізді де аясаңдаршы, сүйіскенде пластмассаның дәмі шығады» деп жүргізушіні де еріксіз күлдіртті. 

Сондай-ақ жарты сағатқа созылған сұхбатында Отарғалиев 1 бірнеше жыл бойы Тұрсынбек Қабатовтың үйін паналап, оған әзіл жазып бергені жайлы да айтты. 2 фильмге түскеннен кейін ғана өнер жолы ашылғанын, енді алдағы уақытта актерлік шеберлігін дамытқысы келетінін жасырмады.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары