Бұл туралы Бағланның өзі НТК телеарнасынан шығатын «Ревю» бағдарламасында айтты.
Бағлан Әбдірайымовтың ойын өзгертуіне өнердің ортақтығы себеп болған.
«Өнер ортақ болғаннан кейін олардың да, біздің де бағыт, мақсаттарымыз бір болып тұр. Өйткені, сыртқы келбетіміз бөлек болғанымен, ішкі әлем бір нысанды дәлдеп тұр деп айтайықшы. Сондықтан ертең қандай да бір жоба немесе сол жігіттермен бір жерге барып келетін жағдай болып жатса, шыны керек мен қуанатын едім! «Жылқы кісінескенше, кісі сөйлескенше» дейді ғой қазақ. Біз әлі сөйлесіп көрген жоқпыз. Егер сапарлас болып сөйлессек, бәлкім біз түсінбей жатқан нәрселер де бар шығар», - деді әнші.