Дубайда демалып жүрген Қайрат Нұртас «Азия» мен «Бақай» тобының жігіттері орындаған «Атың өшкір кредит» әнінің мағынасыз екенін тікелей эфирде айтқан болатын. Әнші жігіттер әріптестерінің бұл сынына «Той думан» арнасында жауап берді.
«Қайрат Ринаттың досы болғаннан кейін әзілдеп айтқаны шығар деп түсіндік. Демалыста жүр, келгеннен кейін түсіндірер. Не ренжитінімізді, не ренжімесімізді білмей тұрмыз. Көзбе-көз сөйлескеннен кейін түсіндіру керек», – дейді жігіттер.
Еске сала кетейік, Қайрат Нұртас бұған дейін «Жігіттер, мыналарың ұят қой. Не болды кредит деп? Бәріміз де кредит алып жүрміз ғой. Болмайды. Қойсаңдаршы» деп Instagram-парақшасында өз пікірін айтқан болатын.