«Арнау» тобында Нұржан Керменбаевпен дуэт айтып танылған Жанар Хамитова эфирде саxнадағы серігі Әбудің қателігін бетіне басып, ұрыс шығарды.
«Астарлы ақиқат» бағдарламасына келген Жанар Хамитова Әбудың уәдесінде тұрмағанын айтады.
«Сен Қазақстанды аралап турнемен концерт қоямыз дедің? Көлігің бар. 2 ай не істедің? Айтсай ал?», - деп Әбудің «жағасынан алды».
Әбу болса, 2-3 әнмен концерт қоя алмайтынын түсіндіруге тырысты. Оның сөзін Жанардың продюсері Сиви Маxмуди бөлді.
«Әбу, сен қоя салшы болды. Шынымды айтсам, екеуі телефонмен күнде ұрысады. Шаршап кеттім», - деді Сиви.
Студдиядағы Зарина есімді журналист болса, «Әлидің іші тар» деген пікір айтып қалды.
Жанар мен Әбудің араздасуына 1 сағаттық бағдарлама жетпеді. Жүргізуші келесі бағдарламаның да осы тақырыпта жалғасатынын айтып, көрерменмен қоштасты.
Айта кетейік, 11 жыл үзілістен кейін Жанар Хамитова саxнаға осыдан 1 ай бұрын оралған болатын.