Әлемге әйгілі түркиялық ресторатор Нусрет Гёкче биылғы Канн фестивалінде "Әлемнің үздік блогері" сыйлығымен марапатталды. Аталған сыйлыққа әлемнің түкпір-түкпірінен 22 блогер үміткер болған. Гёкче сыйлықты алып БАҚ-тың назарын өзіне тартудан бөлек, қызыл кілемнен жүру кезінде әйгілі "тұз себу" әрекетін қайталаған.
Гекчені осыдан 3-4 жыл бұрын әлем түгілі өзі өмір сүретін Стамбул қаласы да танымайтын. Бәрі де оның ет пісіру кезінде ерекше тұз себу бейнебаянын youtube желісіне салғаннан кейін басталған. Аталған ролик миллионнан астам көрілім жинағаннан соң Гекчені әлем тани бастаған.
Қазір ол дайындаған еттен дәм тату үшін дүниенің төрт бұрышынан жұлдыздар арнайы келеді. Гекче аспаздығынан бөлек белсенді блогер де. Оның әлеуметтік желісінде 22 миллионнан артық жазылушы бар. Ресторатор Туркия, АҚШ және БАӘ-де ресторандар тармағына иелік етеді.
Дереккөз: Massaget.kz