$ 494.87  520.65  4.91

«Келіншегім сенбейді»: Нұржан Керменбаев «абыройымды төкті» деген Жанар Хамитоваға жауап берді (ВИДЕО)

«Ол кісінің оралатынын білгенмін негізі. Түк таң қалмадым. Халық ол кезде дұрыс түсінбей қалады. Жанармен қайтып дуэт жазбаймын-ау».

Бұған дейін телеарнаға берген сұхбатында әнші Жанар Хамитова Нұржан Керменбаевқа деген өкпесін айтып, абыройын төккенін жеткізген. Осыған қатысты Керменбаев «НТК» арнасынан шығатын «Ревью» бағдарламасында жауап берді.  

«Ол кісінің оралатынын білгенмін негізі. Түк таң қалмадым. Халық ол кезде дұрыс түсінбей қалады. Жанармен қайтып дуэт жазбаймын-ау. Мүмкін емес», - деді ол.  

Хамитова мен Керменбаевтың арасындағы достық қарым-қарым қатынас та сақталмапты. Жуырда Жанар бұрынғы жігіті жайлы біраз дүниенің бетін ашқан еді. Телеарнада тараған қауесетке әнші қатысы жоқ екенін байқатты. 

«Ақиқат айдан анық көрініп тұрады. Қазіргі таңда ол кісімен мені байланыстыратын ешқандай тақырып жоқ. Сұхбатқа бармаған себебім де сол. Сосын бұл жағдай келіншегіммен таныс емес кездерде болған нәрсе ғой. Пиары бар, басқасы бар. Қоспа әңгімелері бар. Оның барлығына Аллаға шүкір, келіншегім сене бермейді. Сенбейді де», - дейді өнер иесі. 

Айта кетейік, қазіргі таңда Нұржан мен Назеркенің жанұясында Мүсілім мен Омар есімді екі атқа мінер жігіт бар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары