$ 445.66  474.58  4.78

Ресейлік режиссер Виктор Цой туралы мистикалық кино түсірмек

Туынды алдағы жылы көрерменге жол тартады.
Фото: Новости России и Мира сегодня
Фото: Новости России и Мира сегодня

Ресейлік режиссер Алексей Учитель қайталанбас музыкант Виктор Цой туралы кино түсірмек. «Цой» деген атпен шығатын туынды алдағы жылы көрерменге жол тартады, деп хабарлайды SN.kz тілшісі Рамблер сайтына сілтеме жасап. 

Музыканттың дүниеден өткеніне 30 жыл толуына орай түсірілетін киноның сюжеті биографиялық емес, мистикалық бағытта болмақ.

«Әзірге атауы нақты емес туынды «47» деп те аталуы мүмкін. Бұл сан Виктор Цойдың жарыққа шықпай қалған альбомының атауымен байланысты», - дейді Алексей Учитель.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары