$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте тұңғыш рет сұлулық байқауы өтті

Шымкент қаласында тұңғыш рет өткен сұлулық байқауында 16 жастағы мектеп оқушысы «Face of Shymkent» атағын иеленді. Әу баста еліміздің үшінші мегаполисінің келбеті атануға 200 ару ниет білдіріпті, алайда сонша қыздың арасынан тек 16-сы ғана іріктеліп, жарысқа жолдама алған.

16 мен 25 жас аралығындағы 16 сұлу төрт кезеңнен тұратын сында өзара бақ сынады. Бас жүлде иегеріне​ 500 мың теңге көлемінде қаржылай жүлде табысталды. Сондай-ақ «Face of Shymkent» атағына лайық деп танылған 16 жастағы мектеп оқушысы Ясмин Нарқұлова  Оңтүстік Кореяда өтетін халықаралық «Asia Model Fectival» байқауына жолдама алды.

«Face of Shymkent» байқауының өзге байқаулардан айырмашылығы, мұнда қатысушылардың өнеріне басымдық берілді. Яғни қыздардың шығармашылық қабілеттері, ұлттық салт-дәстүрді жетік меңгеруі мен біліміне ерекше назар аударылды» - дейді ұйымдастырушылар.

Сұлуларға қазылық жасағандардың бірі, Орталық Азия аймағындағы «Asia Model Festivalдің» ресми өкілі — Хара Кан. «Аймақ, қала, облыс деңгейіндегі ұйымдастырылатын сұлулық байқауларының маңызы зор. Себебі халық ішінен өнерлі бойжеткендерді іріктеп, халықаралық деңгейде еліміздің абыройын асқақтататын арулар осындай байқауларда шыңдалады», - дейді ол.

Сайыс қорытындысы бойынша «Көрермен көзайымы» номинациясымен Құралай Сейдалы марапатталды.​ Үшінші орынды​ Зарина Лесбек иеленді. Оған 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталды.

Екінші орын және 200 мың теңге Наргиз Бақытжановаға бұйырды. Ал жүлделі бірінші орын мен 300 мың теңгелік сертификатқа Арай Мүсілім​ ие болды.

Айта кетейік, «Face of Shymkent» сұлулық байқауы Шымкент қаласының отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен алғаш рет өтіп отыр.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары