«Отбасы күні» мерекесінің маңызын насихаттау, отбасылық құндылықтар мен ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеуді мақсат еткен жиында жаңадан шаңырақ көтерген 6 жас отбасыға неке куәлігі табыс етілді.
Кез келген ұлт өзінің діні, ділі мен салт-дәстүрін дәріптеумен құнды. Іс-шара барысында айтыскер ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Біржан Байтуов отбасы құндылығы тақырыбында өз ойын ортаға салды. Отбасы құндылығын сақтау, оны ұрпақтан ұрпаққа жалғау - ел келешегінің кемелдігін аңғартады. Айтыскер ақын отбасы құндылығына жауапкершілікпен қарау жөнінде тағылымды ойлар айтты. Мерекелік жиында жаңадан шаңырақ көтерген 5 жас отбасыға АХАЖ қызметкерлері неке куәлігін табыс етті. Іс-шара концерттік бағдарламамен қорытындыланды.
«SN.kz» - ақпарат»