$ 444.32  473.33  4.76

Шешенстан президенті Қадыровтың ұлы түріктің «Жаужүрек Ертұғрыл» сериалына түсті

Бұрын Рамзан Қадыров аталған сериалды оңдыртпай сынаған болатын. Туындыдан еш мән-мағына көрмегенін жеткізген еді. Соған қарамастан, Шешенстан президенті Түркиядағы түсіру алаңында болып қайтты.
kp.ru
kp.ru

Шешенстан басшысының ұлы Адам Қадыров түріктің «Жаужүрек Ертұғрыл» сериалына түсті. Бұл туралы елдегі ақпарат құралдары Шалинск әкімшілігінің басшысы Турпал-Али Ибрагимовке сілтеме жасап хабарлады. 

Адам Қадыровтың сериалға түсіп жатқаны туралы Турпал-Али Ибрагимов желіде хабарлаған. Алайда, баланың қандай рөлді сомдайтыны айтылмапты.

«Адам барлық жағынан алда келеді, оқуда озат, спортпен де айналысады, түрлі наградалары бар. Киноға түсіп, өзін жаңа қырынан танытты», — деп жазған шенеунік. 

Айта кетейік, былтыр Рамзан Қадыров аталған сериалды оңдыртпай сынаған болатын. Туындыдан еш мән-мағына көрмегенін жеткізген еді. Соған қарамастан, Шешенстан президенті Түркиядағы түсіру алаңында болып қайтты. 

Айта кетейік, «Жаужүрек Ертұғрыл» — түріктің тарихи сериалы. 2014 жылы экранға жол тартты. Оқиға XIII ғасырда болған. Онда Оман империясының негізін қалаушысының әкесі Ертұғрылдың өмірі баяндалады. 

Дереккөз: tvrain.ru

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары