$ 494.87  520.65  4.91

Режиссер Тимур Бекмамбетовтің ауыр дертке шалдыққаны туралы ақпаратқа көмекшісі жауап берді

«Тимур Мәскеудегі ауруханаға қаралып, жай ғана тексеруден өткен болатын. Оның дені сау, еш жері ауырмайды», - дейді Бекмамбетовтің көмекшісі.
Bnews.kz
Bnews.kz

Bazelevs компаниясының коммерциялық директоры қазақстандық-ресейлік режиссер Тимур Бекмамбетовтің дерті туралы ақпаратқа түсініктеме берді.

Тимур Асадовтың айтуынша, БАҚ-та таралған ақпарат дұрыс емес. Кинематографтың еш жері ауырмайды.

«Тимур Мәскеудегі ауруханаға қаралып, жай ғана тексеруден өткен болатын. Оның дені сау, еш жері ауырмайды», - дейді Бекмамбетовтің көмекшісі.

Бұған дейін режиссер ауыр дертке шалдығып, қалқанша безінің алынып тасталғаны айтылған еді. 

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары