$ 447.4  477.55  4.76

Димаш Құдайберген Сочидегі "Новая волна" байқауында өнер көрсетеді

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Сочидегі "Новая волна" байқауында өнер көрсетеді. Орындаушы 24 тамызда байқаудың бірінші күні ән шырқайды.
Atameken Business Channel
Atameken Business Channel

Қазақстандық әнші "Новая волна" сахнасына қонақ ретінде шақырылған. Сонымен қатар, алғашқы күні Филипп Киркоров, Анна Нетребко, Юсиф Айвазов, Maruv, Егор Крид, Ирина Аллегрова, Валерий Леонтьев, Дима Билан және басқалары өнер көрсетеді. 

Айта кетелік, 2018 жылы Димаш Құдайберген A-Studio концертіне қатысып, кезінде Батырхан Шүкенов орындаған "Грешная страсть" композициясын айтқан.  

Сонымен қатар, әнші Минскіде өтетін ІІ Еуропалық ойындарда жаңа әнін шырқайды. Жарыстың ашылу салтанаты 2019 жылы 21 маусымда өтеді. Сондай-ақ, әртіс 2019 жылы 29 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында "Астана Арена" стадионында өтетін "Арнау" концертіне дайындалып жатыр. 

Дереккөз: Tengrinews.kz


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары