$ 494.87  520.65  4.91

«Күліп жүреді»: Айқын бірінші жарының Жұлдызға қалай қарайтынын айтты (ВИДЕО)

Қазір оның көңіл-күйі тамаша! Күнде ән айтып, күліп жүреді. Әрдайым хабарласып тұрамыз. Жаңа ғана сөйлесіп, қызымның туған күнін ақылдастық

Эстрада әншісі Айқын Төлепберген бірінші әйелінің тоқал алғанына ренімейтінін айтты. Бұл туралы өнер иесі «Хабар» телеарнасынан шығатын «Ережесіз әңгіме» бағдарламасына берген сұхбатында сөз қозғады. 

Тележүргізушілер Айқыннан бірінші әйелінің Жұлдызға деген көзқарасын сұрады. Әнші қазіргі өмірінің қалыпты жүріп жатқанын жеткізді. 

«Қазір оның көңіл-күйі тамаша! Күнде ән айтып, күліп жүреді. Әрдайым хабарласып тұрамыз. Жаңа ғана сөйлесіп, қызымның туған күнін ақылдастық», –  деді ол. 

Айта кетейік, Айқын Төлепберген мен «KeшYou» тобының бұрынғы әншісі Жұлдыз Өмірғали бүгінде 1 ұл баланы тәрбиелеп отыр. Жұлдызды жұп екінші сәбилерін күтуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары