$ 494.87  520.65  4.91

Шырын Нарчаева мен Әбунасыр Серіковтің видеосына қатысты мән-жай анықталды (ВИДЕО)

Фильм түсірілімінің соңында Серіков Нарчаевамен келісе алмай кетіп қалған. Видеоны желіге таратып жіберген адамның кім екені де белгісіз екен.

Бұған дейін Fасеbоok әлеуметтік желісінде Әбунасыр Серіковтің Шырын Нарчаевамен ұрысып отырған видеосы таралған болатын. Оқиғаның мән-жайын актер Әбунасыр Серіков айтып берді. 

Өнер иесінің хабарлауынша, бұл жағдайдың болғанына біраз уақыт өткен. Фильм түсірілімінің соңында Серіков Нарчаевамен келісе алмай кетіп қалған. Видеоны желіге таратып жіберген адамның кім екені де белгісіз екен. 

«Бұл оқиға бұрын болған. Алайда видеоны желіге жуырда салыпты. Кім оны істегенін білмеймін. Өйткені ешкім мойындамайды. 

Бұл қара пиар емес. Күтпеген жағдай болды. Барлығы шешіліп, сол оқиғадан кейін олар бір алаңда кездескен жоқ»,  – дейді Сәбит Рахымбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары