$ 494.87  520.65  4.91

Төреғали Төреәлінің қарындасы «Алтын белгі» иегері атанды

Бұл туралы Фариза Төреәлі Instagram-парақшасында жариялады. 11 жыл оқыған еңбегінің ақталғанын айтып, отбасына алғыс білдірді.

Бұл туралы Фариза Төреәлі Instagram-парақшасында жариялады. 11 жыл оқыған еңбегінің ақталғанын айтып, отбасына алғыс білдірді.

"Аллаға шүкір! 11 жылғы еңбегім Алланың қалауымен бүгін ақталды. Мен үшін ең керемет естен кетпес күн! Бүгінгі сезімімді сөзбен айтып жеткізу қиын. Осы күн үшін барымды салдым, ата-анамның шынайы қуанышын көру, мақтануларына себепкер болу мен үшін нағыз бақыт!", - дейді Фариза Төреәлі.

Қарындасының төсбелгісіне қуанған Төреғали әлеуметтік желі арқылы құттықтауын жеткізді.

«Алтын белгің құтТты болсын АЛТЫНЫМ!!!» - деп жазды ол.

Ару қала әкімінің қолынан төсбелгіні алған кездегі тебіренісін де жеткізді.

"Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мырзаның қолынан "Алтын Белгі" алу бұйырды. Ол кісінің сөздерінен көп нәрсені ұқтым, есімде сақтадым. Расында бүгін жетістіктің дәмін таттым, Аллаға шүкір! Мақсат қойып, армандарыңызды жүзеге асырыңыздар! Адал еңбегім Алла мен жақындарыма аян. Білмей ойдан шығарып негатив жазудың қажеті жоқ", - деп жазды жас түлек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары