Абай екінші рет отбасы құрғалы тұңғыш қызымен араласпай қалған болатын. Ерке Абайқызы әкесінің үйленгеніне қарсылық танытып, үйден кетіп қалған. Тіпті туған-туыстарымен де ара-қатынасын үзген.
Жақын арада Абай Бегей мен Ерке Абайқызы желідегі парақшаларына бірге түскен суретін жариялап, көпшіліктің көзайымына айналды.
«Өмірде қуаныш пен қайғы қатар жүрері анық. Жаратушымыз жүректерімізді иман нұрымен нұрландырып, бір бірімізге деген татулық, мейірімділігімізден айырмасын», - деп жазды Абай Бегей.
Абай қызымен табысқанына қуанып, немересін мауқымына басып қайтты. Бұны көрген жұртшылық татуласқандарына қуанып, жарыса пікір қалдырып жатыр.
«Абай аға Ақтауда жүр дегенде осындай сурет күтіп едім. Жарайсыз!», «Алланың берер сыйы таусылмасын», «Сіздер үшін қуаныштымыз», «Татулық, бірлікте болыңдар», - деп пікір қалдырды жұрт.