20.06.2019, 17:21

«Дос-Мұқасан» тобының солисі Мұрат Құсайыновқа қатысты сот үкімі шықты

Сот барысында айыпталушының ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Құрметті азаматы екені назарға алынды. Сонымен қатар, жәбірленуші тараптың да пікірі тыңдалды.

Нұр-Сұлтан қалалық №2 Есіл аудандық сотында «Дос-Мұқасан» солисі Мұрат Құсайыновқа қатысты алғашқы сот отырысы өтті. Ол жолаушылар тасымалы бөлімінің басшысын қорлағаны үшін кінәлі деп танылып, бірақ ісіне өкінгені үшін жауаптан босатылды, деп хабарлайды NUR.KZ. Нұр-Сұлтан қалалық баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Сот барысында айыпталушының ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Құрметті азаматы екені назарға алынды. Сонымен қатар, жәбірленуші тараптың да пікірі тыңдалды.

Есіл ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 378-бабы 1-тармағына сәйкес әкімшілік тәртіп бұзған Мұрат Құсайыновқа қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды. Мұрат Құсайынов қызметтік мандатын асыра пайдаланып, билікті қорлағаны үшін кінәлі деп танылды және сот үкімінің шешімі бойынша кінәсін мойындағаны үшін жауаптан босатылды. 

Сот үкімі күшіне енген жоқ. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің  65-бабының 1-тармағына сәйкес оның бірінші рет қылмыс жасағаны ескерілді. 

Естеріңізге сала кетейік, «ЭйрАстана» ұшағына отырғызу барысында көрсеткен оғаш қылығы үшін «Дос Мұқасан» ансамблінің солисі Мұрат Құсайыновқа қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын.