$ 449.58  486.94  4.86

«Біреуге күлкі болды»: Қайрат Нұртас өзінің марапатына қатысты сынағандарға жауап берді

Шымкент қаласының «Құрметті азаматы» атағын алған Қайрат Нұртас өзін сынағандарға жауап берді. Бұл туралы әнші өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Шымкент қаласының «Құрметті азаматы» атағын алған Қайрат Нұртас өзін сынағандарға жауап берді. Бұл туралы әнші өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Өзін сөгіп жатқан көпшілікке әнші парақшасында: «Бірінші Аллаға, екінші Халыққа, үшінші Шымкент қаласының әкімі Ғабидулла Абдраxимовке үлкен рақмет! Мұxтар Әуезовтың әдемі бір сөзі бар, "Ит мені қапты деп, оны қапсам, адамдық аузымда не қасиет қалады" демекші, менің Құрметті азамат болғаным біреуге қуаныш, біреуге қайғы, біреуге күлкі болды... Мейлі... Бәрібір адамның емес, Алланың қалауы болады!», деп жауап берді.

Желі қолданушылары бірі әншіні құттықтаса, енді бірі бұл атаққа лайық емес деп жазып жатыр.

«Жағымпаз болсаң, құрметті боласың ғой», «Халық қаһарманы» деген атақ берсе таң қалмаймын», «Лайықсың!», «Қайрат, сен сатып алғансың ғой бұл атақты», «Фонограммамен ән айтатыны үшін берген бе, не еңбек сіңірді ол сонша?» - деп жазыпты желідегілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары