$ 494.87  520.65  4.91

Айқын Төлепберген халықтан сүйінші сұрады

«Сүйінші! Мен төрт балалы әкемін! Жұлдыз Өмірғали маған қыз сыйлады!», - деп жазды Айқын.
Фото: sn.kz
Фото: sn.kz

Атақты әнші Айқын Төлепберген өз қуанышымен бөлісті. Ол өз Instagram-парақшасында желі қолданушыларға сәбилі болғанын хабарлады.

«Сүйінші! Мен төрт балалы әкемін! Жұлдыз Өмірғали маған қыз сыйлады!», - деп жазды Айқын. 

Сондай-ақ, сәбиге есімін қойып үлгермеген әнші дүйім жұртшылықтан көмек сұрады.

«Атын әлі шешпедім. Кім деп қояйын? Маған көмектесіңіздерші!», - деді әнші. 

Қызды болған Айқынды желі қолданушылары жарыса құттықтап, есім қоюда көмектерін аямады. Қызға арналған қазақ есімдерінен бөлек, трендке айналған

«Тақтар ойыны (Игры престолов)» телехикаясының бас кейіпкері «Дейнерис» есімін де ұсынды.

Еске сала кетейік, Айқынның бірінші жарынан екі баласы бар. Енді тоқалы Жұлдыз Өмірғали де оған екінші сәбиін сыйлады. 

Сонымен қатар, бұған дейін Айқынның алғашқы әйелі Жұлдызға деген көзқарасы туралы жазған болатынбыз
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары