Эстрада әншісі Қайрат Нұртастың келіншегі жұлдыз Әбдікәрімова күйеуін қызғанбайды екен. Бұл туралы ол «31-арнадан» шығатын «Айта берсін» бағдарламасына берген сұхбатында сөз қозғады.
«Аса ішім күйіп қызғанғаным жоқ. Өйткені Қайрат маған аса себеп бермейді қызғануға. Сенемін. Алдағанын көргенім жоқ.
Ал бейнебаяндағы сұлу қыздар деп жатырсыз ғой. Мен де сұлумын. Қасындағы әріптестерін бағалаймын. Бейнебаянда қасында түскендерді 1-2 сағаттың әріптестік деп қабылдаймын», – дейді ол.
Айта кетейік, Қайрат пен Жұлдыз бүгінде 2 ұл, 2 қыз бала тәрбиелеп отыр.