Мәдениет & Шоубиз 26.06.2019 сағат 12:36

«Арыс.Біз біргеміз» акциясы аясында өнер жұлдыздары Шымкентте бас қосты

Арыстықтармен жеке кездесуге Алтынбек Қоразбаев, Майра Ильясова, Нұрлан Албан, Мөлдір Әуелбекова, Алмас Алтынбеков, Асхат Садырбай, Сәкен Майғазиев, Бағлан Әбдірайымов, Жанболат пен Жазира, «Өнер қырандары» және тағы да басқа әртістер келген.
«Арыс.Біз біргеміз» акциясы аясында өнер жұлдыздары Шымкентте бас қосты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Арыстағы төтенше жағдай барша қазақстандықтарды біріктірді. Еліміздің азаматтары қайғылы оқиғаға тап болған арыстықтарға барынша қолдау көрсетіп, көмек қолын созып жатыр. Олардың арасында отандық шоу-бизнес жұлдыздары да бар. Өнер иелері эвакуацияланған тұрғындардың қал-жағдайын білу үшін Шымкент қаласына бірінен кейін бірі ағылып келуде деп жазады NUR.KZ.

Арыстықтармен жеке кездесуге Алтынбек Қоразбаев, Майра Ильясова, Нұрлан Албан, Мөлдір Әуелбекова, Алмас Алтынбеков, Асхат Садырбай, Сәкен Майғазиев, Бағлан Әбдірайымов, Жанболат пен Жазира, «Өнер қырандары» және тағы да басқа әртістер келген. 

Олар ауыр жағдайға тап болған халыққа барынша көмектесуге келгенін жеткізді.

Айта кетерлігі, өнер иелерінің барлығы қайғылы жағдайға байланысты «Арыс Біз біргеміз!» деген жазбасы бар арнайы футболка киіп алған. 

Facebook желісінде хабарланғандай, шоу-бизнес жұлдыздары Шымкент қаласына мәдениет және спорт министрлігінің тапсырмасымен келген.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар