Димаш Құдайберген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдаған Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетаны қабылдады, деп хабарлайды SN.kz ақпарат агенттігі.
Мега жұлдыз Димаш мемлекет басшысынан эстафетаны қабылдап алғанын жазып, ұлы ақынның «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» өлеңін жатқа оқыды.
«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ағамыздың маған жолдаған Абай атамыздың 175 жылдығына орай Ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын зор құрметпен қабыл алдым.
Атамыздың өнерін тағы бір мәрте әлемге паш етуге өз үлестерін қосу үшін осы эстафетаны Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалин ағама, РФ ның халық әртiсi Игорь Крутой ағамызға және менің тыңдармандарыма жолдаймын», - деп жазды ол.
Еске сала кетейік, Тоқаевқа бұл эстафетаны 9 жастағы Ләйлім-Шырақ есімді қыз жолдаған болатын.