$ 448.15  483.46  4.86

Димаштан эстафетаны қабыл алған Игорь Крутой Абай өлеңін оқыды (ВИДЕО)

Бұған дейін Димаш Құдайбергенов Игорь Крутойға эстафета жолдаған болатын.

Танымал ресейлік продюсер Игорь Крутой «Абайдың 175 жылдығына» арналған өлең оқу эстафетасына қатысты, деп хабарлайды SN.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Димаш Құдайбергенов Игорь Крутойға эстафета жолдаған болатын. Продюсер араға бір күн салып, Абай өлеңін орыс тілінде оқыды. 

«Барлық қазақстандыққа бейбітшілік, жақсылық және амандық тілеймін», - деп атап өтті Игорь Крутой өлеңнен үзінді оқығаннан кейін.

Ресейлік продюсер де өлең оқу эстафетасын Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетовке жолдады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары