Өзінің жеке концертінде Қайрат Нұртас арбаға танылған бозбалаға костюмін сыйлады, деп жазады Sn.kz ақпараттық порталы.
Бұл туралы Қайраттың анасы өзінің Instagram-парақшасында жариялады.
Видеодан әншінің арнайы сахнадан түсіп, кішкентай көрерменінің жанына келгенін аңғаруға болады. Ол өзінің костюмін тыңдарманның иығына жауып, бірге суретке түсті.
Концерт тамашалауға келген көрермен Қайраттың жүректілігіне сүйсіне қарап, қошеметтерін аямады.
Желі қолданушылары да Қайрат Нұртастың бұл әрекетіне ризашылығын білдіруде.
«Осындай ұлды өмірге әкелген анасына мың алғыс», «Әнді жүрегі ауырып орындап шыққан болар», «Қайрат, жарайсың», «Ешбір әнші костюмін бере қоймас сен сияқты», «Шын көңілімен беріп тұр ғой», «Көзімнен жас ағып кетті ғой» - деп жарыса пікір қалдырды олар.