Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген Қытайдың Датұң қаласында өткен Джеки Чанның Бесінші халықаралық экшн фильмдер апталығының шымылдығын ашты, деп жазады Sn.kz.
Әнші өзінің Instagram-парақшасына апталықтың ашылу салтанатында айтқан әнінің видеосын жариялады.
«Джеки Чан ағамыздың кешінен» - деп жазды ол.
Ал дайындық барысында Димаштың айтқан әніне Джеки Чан отыра алмай, басын иіп алғысын білдірді.
Тыңдармандар да өзінің таңғалыстарын жасырмай, жазба астына пікір қалдырып жатты.
«Ең шынайы әсер», «Жарайсың, Димаш», «Димаштың даусына басым кетеді», «денсаулығыңды күт, ботам», «Джеки Чан біздің балаға таңғалудан жалығар емес», - деп жазды желі қолданушылар.