$ 448.89  477.93  4.76

«Бояусыз түріңді көрсетпей-ақ қойшы. Қорқынышты екен»: Баян Алагөзованың қызы сынға ұшырады

Осылайша, керемет мейкап, шаш үлгісімен сұлу көрінетін Айсәуле бояусыз түрін көрсетуді ұйғарған.

Қазақстандық танымал продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек желіде бояусыз түрін көрсетті. Желі қолданушыларының кейбірі оның опа-далапсыз түрінен шошығанын жазған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат агенттігі, Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Айсәуле Бақытбек желіде бояусыз және опа-далап жағып түскен видеосын жариялады. Осылайша, керемет мейкап, шаш үлгісімен сұлу көрінетін Айсәуле бояусыз түрін көрсетуді ұйғарған.

Желі қолданушыларының бірі танымал бикештің батылдығына таңданып, мақтаса, енді бірі сынның астына алды. Тіпті, олардың кейбірі Айсәуленің бояусыз түрінен шошығанын жазып жатты.

«Жарайсың! Батыл әрекет. Теріге қатысты қиындықтарың бола тұра, эфирге «жалаңаш» шығу... Маған тапанша таянса да келіспес едім», «Сенің сұлу емес екеніңді білгенмін. Бірақ мұншалықты емес. Бояуға рахмет», «Бояусыз түріңді көрсетпей-ақ қойшы. Қорқынышты екен», «Қайдағы қорқынышты? Ол әдемі, маған ұнайды», «Әркім өзінше сұлу», - деп жазды пікір қалдырушылар.

Десе де Айсәуле бет терісінің проблемалы екенін ешқашан жасырған емес. Сондықтан ол терісін ерекше күтіп, түрлі сұлулық процедураларын жасатады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары