$ 494.87  520.65  4.91

«1500-2000 теңге табамын»: Айдар Тұрғамбек қалаға келген қиын күндерін еске алды

Содан бір жыл істеп 2003 басында «Жігіттер» тобын құрдық.

«Жігіттер» квартетінің әншісі Айдар Тұрғамбек туып-өскен ауылын еске алып, сағынышын жазды. Сондай-ақ ол топтың қалай құрылғаны жайлы да әңгіме қозғады.

«Мына кішкентай ауыл менің туып өскен жерім, яғни Қайнар ауылы. Осы жерде бала бақшаға барып, Мұхтар Әуезов атындағы орта мектепті 11 жыл оқып тәмәмдадық. 

2001 жылы қалаға оқуға кеттім, сырттай оқуға тапсырдым, жалғыз гитарам болатын, басқа ештеңем жоқ, сол гитарамен мейрамханаға ән айтып жұмысқа кірдім, ол жерде микрофон, муз апарат ештеңе болмайтын, барлығы есту үшін әнді айқайлап айтатынмын, соңында даусым өшіп қалатын,сол кезде күніне 1500-2000 теңге табамын, ол кезде ол үлкен ақша, қарап отырсам Алланың қалауымен сол жерде даусым шыңдалыпты ғой. 

Содан бір жыл істеп 2003 басында «Жігіттер» тобын құрдық, алдын бір-бірімізді танитынбыз, бірге ән айтып жүретінбіз, 2004 жылы Алматыға арман қуып кеттік, көптеген қиыншылықтар болды, қуаныштар болды. Содан осы Ауылдан кеткеніме 18 жыл болыпты ғой», - дейді Айдар Тұрғамбек İnstagram-парақшасында

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары