Халықтың сүйікті әншісі Нұрғали Нүсіпжановқа тұрмысқа шыққан журналист Жадыра Сейдеш желіде қызу талқыланып жатыр. Көпшілік Сейдештің 82 жастағы өнер иесіне ғашық болғанына сенбейтінін жазған.
«Байлығы үшін шыққан ғой, әйтпесе шалға тиіп не көрініпті?», «Өтірік пе, шын ба?», «Мынау 3-әйелі ғой осымен», «Ел ағасы жастарға не тәрбие беріп отыр? Ана журналист ше? Не масқара? Ата-анасы қалай келіскен?», - деп жазды олар.
Десе де, отау құрған екеуге бақыт тілеп жатқандар да баршылық.
Айта кетейік, 26 тамыз күні үйлену тойын өткізген әнші Нүсіпжанов пен журналист Сейдештің видеосы әлеуметтік желіге бүгін жарияланды.