$ 494.87  520.65  4.91

Қазақ қыздары өзге ұлттың ұрпағын көбейткенше, 82-дегі қазақтың ұрпағын көбейтсін! - Айгүл Орынбек

Қазақтың әжелері тектілігі соншалықты, ұрпақ көбейту үшін, тоқалды өзі іздеп жүріп алып беретін. Ал қазіргі таңда, не өзіме жоқ , өзгеге де жоқ деген тұжырымда.

Қоғам белсендісі Айгүл Орынбек 82 жастағы Нұрғали Нүсіпжановтің үйленуіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Оның ойынша, өзге ұлттың санын көбейткенше, отырған қыздың «Сексенбайларды» көбейткені дұрыс екенін өзінің Facebook-парақшасындағы жазбасында анық көрсетті.

Және ол 40-қа дейін тұрмыс құрмаған қыздардың басты мәселесін қозғады. Олардың білімді, бірақ тұрмысқа шықпағандығына ерлер қауымын кінәлап отыр.

«Не надо жениться на умных, они бывает Стервами» - деген орыстардың пасық сөзін тыңдап, қанша еркектеріміз өздерінің тегін, қанын ұрпағын бұзып алды. Орыстың сайқал саясатының құрбаны біздің аталарымыз, ғана емес бізде болып табыламыз. Тарихқа жүгінетін болсақ, барлық ел алдында жүрген ел ағаларының әйелдері орыс ұлтынан болған. Еврейлер не үшін баланы анасының тегіне жазады. Себебі баланың 80 пайыз хромосомасы анасынікі, яғни анасының көп қасиетін алады. Қазақ деген текті, ар намысты жоғары қоятын мықты ұлтты жою үшін, қазақ жігіттерінің қойнына өңкей шүйкебастарды салып отырған. Ол шүйкебастар ажырасып, арақ ішіп, қазақты жамандап, кейбір қазіргі жылауық, «подкаблучник» еркектерді өсірген. Сол себепті қазіргі таңда, көптеген қазақтың білімді қыздары, тұрмыс құрмаған. Неге тұрмыс құрмағансыз?- деп сұрасаң, көп жігіттер «сен сияқты стерва ертең күн бермейді» - секілді әңгіме айтқан.

Яғни «стерва» мен тектілікті айыра алмаған біздің ата- бабаларымыз», - деп жазды ол.

Айгүл Орынбек өз жазбасында тектілікті алға тартып, білімді әйелдердің тоқал болуына қарсы еместігін және жігіттерге ойланатын уақыт жеткенін де айтып өтті. 

«Қазақтың әжелері тектілігі соншалықты, ұрпақ көбейту үшін, тоқалды өзі іздеп жүріп алып беретін. Ал қазіргі таңда, не өзіме жоқ , өзгеге де жоқ деген тұжырымда. Себебі ол жылдар бойы санаға, бойларына сіңген жаман қасиет. Білімді, оқыған әйел ғана ұрпағыңа білім беріп, тәрбиелей алады. Ал шүйкебастар әр байдан байға, балаларын шұбыртып, жүргені жүрген. Сол себептен біздің қазақ жігіттеріне, ойланатын уақыт келді. Текті батыр ұрпақты дүниеге әкелгің келсе, өзіңе ұрпақ сыйлайтын, ұрпақ сыйлай алмай жатса, ұрпақ көбейтер тоқал сыйлайтын әйел алыңдар! Ата бабаларыңыздың қателігін қайталамаңыздар!

Бүкіл әлемді билеген Шыңғыс ханның өзі қазақ әйелінің жатырынан шыққанын ұмытпаңыздар! Өзі де барлық ұлдары да, бірінші әйелдерін қоңыраттардан алған! Бұл нені білдіреді, балаға мінез, рух, әйелден беріледі. Қазақ қыздары өзге ұлттың ұрпағын көбейткенше, 82-де болсада қазақтың ұрпағын көбейткені дұрыс!», - деді Айгүл Орынбек.

Ұлт жанашыры Айгүл Орынбек шалдардың тоқалды ұрпақ көбейту үшін алатынын да мойындады. Қазіргі заманда 1-2 баламен шектелген бәйбіше ерінің болашағын ойлап, тоқалды өзі тауып беру керек екен. Және қыздарды нәпсісін қанағаттандыру үшін пайдаланатын еркектерді «дүбәраға» теңеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары