$ 448.15  483.46  4.86

"Тұрмыс құрмаған қыз анасымен өмірінде қанша жігіттің болғанын талқылай беретін болды" - Гүлнұр Мамасарипова (ВИДЕО)

Өнер иесі жабық тақырыптарға ашық әңгіме өрбіте алатын аналарға қатысты сыни пікір білдірді.

Танымал журналист әрі продюссер Гүлнұр Мамасарипова жабық тақырыпта қыздарымен ашық әңгіме айта алатын аналарға қатысты өз пікірін білдірді. Өнер иесі тәрбиенің мұндай түріне қарсы екенін алға тартты, деп хабарлайды The real gapбағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

YouTube желісіндегі The real gap арнасына белгілі журналист әрі продюссер Гүлнұр Мамасарипова қонаққа келген еді. Өнер иесі жабық тақырыптарға ашық әңгіме өрбіте алатын аналарға қатысты сыни пікір білдірді. Продюссердің сөзінше, әр нәрсенің өз шегі болуы қажет. 

"Қыздарыммен сырласамын. Өзім жастай күйеуге шықтым. Сол себепті, олар менің қыздарым емес, сіңлілерім секілді өсті. Олармен сырласамын, бірақ, жабық тақырыптарға бара бермейміз.

Менің продвинутый құрбыларым бар. Олар, тіпті, менің тілім бармайтын нәрселерге дейін қыздарымен сөйлеседі екен. Қыз шешесінен, шешесі қызынан именуі керек деп ойлаймын. Ана мен қызының арасында барлығы ашық талқылануы керек. Дегенмен, шектен шықпаған дұрыс.

Қазіргі таңда әлі тұрмыс құрмаған қыз шешесімен өмірінде қанша жігіттің болғанын талқылай беретін болды. Мен осыған қарсымын", - деді Мамасарипова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары