$ 444.22  476.38  4.82

Сиви Махмуди жол апатына ұшырады (ВИДЕО)

Видеода соғылған автокөліктер түсірілген. Кадр сыртындағы дауыстың айтуынша, үш автокөлік соғысқан.

Әнші Сиви Махмуди өз көлігін тізгіндеп келе жатып жол апатына түскен деп хабарлайды куәгерлер. Жол апаты салдарынан шамамен үш автокөлік зақымданған деп жазады Zakon.kz.

Куәгердің айтуынша, жол-көлік апатынан қазақстандық танымал әнші Сиви Махмуди зардап шеккен.

- Әнші Сиви Махмуди жол-көлік апатына ұшырады. Екі қолы сынып, басы жарылды. Сивидің өзі көлік рөлінде болған, - дейді куәгер.

Видеода соғылған автокөліктер түсірілген. Кадр сыртындағы дауыстың айтуынша, үш автокөлік соғысқан.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары