$ 448.56  478.03  4.79

Сен менің елімді масқараладың, менің Қазақстанымды, Борат! - Кличко

Бір адам жаныма келіп, "Кличко сізбен сөйлескісі келеді" деді. Мен Виталий Кличко отырған үстелге бардым, - деп еске алады Саша Коэн.

"Борат" рөлін сомдаған әртіс Саша Барон Коэн өзінің басынан өткен оқиғасын арнайы сұхбат барысында жеткізді, деп жазады weekend.bugin.kz.

- Виталий Кличко. Ол қазір Киев қаласының мэрі емес пе? Мен сіздерге Кличко жайлы бір оқиғаны айтып берейін. "Борат" фильмі шыққаннан кейінгі уақыт. Бір күні Англияда бір ресторанда тамақтанып отырғам. Қасымда әйелім бар. Сол сәтте бір адам жаныма келіп, "Кличко сізбен сөйлескісі келеді" деді. Мен Виталий Кличко отырған үстелге бардым, - деп еске алады Саша Коэн.

Ал үстелде Кличко және тағы үш адам отырған екен.

- Ол кезде Кличко – әлем чемпионы. Кличкоға қол созып, амандасқан сәтте, ол менің қолымды қатты қысып тұрды. Сол сәтте-ақ бұл кездесудің жағымды болмасын түсіндім. Ол: "Сен менің елімді масқараладың, менің Қазақстанымды. Мені масқара еттің. Енді кек алатын сәт туды"- деді. Мен қолымды шығарып алуға тырысып, Бораттың бар болғаны образ екенін айттым. Әйелім бұл көріністі көріп, Кличкоға жақындап, оның табынушысы екенін айтты. Сол сәтте Кличко қарқылдап күліп, бұның жай ғана әзіл екенін жеткізді", - дейді Коэн.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары