18.09.2019, 15:40

«Қашан үйленесің?»: Тәуекел Мүсілім жаңа ғашығымен кинопремьерада бой көрсетті (ВИДЕО)

Ол жаңа сүйіктісіне қатысты сұрақтарға жауап беріп қана қоймай, болашақ жоспарларымен де бөлісті.

Экраннан көрінбей кеткен актер Тәуекел Мүсілім «үйлену тойының ауылы алыс емес» екенін айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпараттық порталы. 

Жаңа сүйіктісімен кинопремьерада бой көрсеткен Тәуекел «НТК» арнасындағы «Revue news» бағдарламасына кезекті сұхбатын берді. Ол жаңа сүйіктісіне қатысты сұрақтарға жауап беріп қана қоймай, болашақ жоспарларымен де бөлісті.

Актер осыған дейін қырғыз қызымен көңіл жарастырғанын, болашақ жары екенін Instagram-Stories-те жариялаған болатын. Алайда Айтұрған Мамаймен жараспай қалған ол жаңа ғашығын тауып үлгеріпті.

Және ол жүргізушінің «Қашан үйленесің?» деген дәстүрлі сұрағына да өз жауабын берді.

«Алла бұйырған күні... Тойдың ауылы алыс емес», - деді Тәуекел Мүсілім.

Актердің үйлену мәселесі көпшілікті алаңдатқанға ұқсайды. Олар да жарыса пікір қалдырып жатты.

«Қатын алып тынышталды ма десек», «неге үйленбей жүр екен, нағыз жігіт қой», «таңдаған тазға жолығады», - деді желі қолданушылары.