$ 494.87  520.65  4.91

«Клиптегі бишілер зомби сияқты»: Димаштың жаңа бейнебаяны көрерменге жол тартты (ВИДЕО)

Шыққанына аз ғана уақыт болса да қазірдің өзінде оны 5148 адам қараған. 880 адам "ұнады", 14 адам "ұнаған жоқ" деген белгі қалдырса, 195 адам бейнебаянды көргендегі әсерлерімен бөлісіпті.

Димаш Құдайбергеновтің лирикалық жанрдағы «Знай» әніне түсірілген бейнебаяны жарыққа шықты, деп хабарлайды Skifnews.

Сөзінің авторы - Михаил Гуцериев, әні - Игорь Крутойдікі, ал бейнебаянның режисеры - Алан Бадоев.

Шығармашылық жұмыс үлкен махаббат пен философиялық мәнге ие. Клипте табиғаттың әсемдігі, арт, фешн, драматургия, ғашықтардың сезімі көрініс тапқан. Димаштың жаңа туындысын көрген көпшілік оның бұрынғы «Любовь уставших лебедей» клипіне қатты ұқсайтынын жазуда.

Шыққанына аз ғана уақыт болса да қазірдің өзінде оны 5148 адам қарап, 880 адам "ұнады",14 адам "ұнаған жоқ" деген белгі қалдырса, 195 адам бейнебаянды көрген кездегі әсерлерімен бөлісіпті.

«Клиптің көрсетілімін жөндеп жасаулары тиіс қой! Жарнамалар қайда? Инстаграмда, фейсбукте, твиттерде? Барлық әлеуметтік желілерде жарнамалануы тиіс қой!», «Клиптегі мына бишілер фильмдегі зомбилер секілді. «Любовь уставших лебедей» клипінде де жартылай жалаңаш билеген еді. Оған мынадай клип не үшін керек?», «Бишілері ұнамады, бұрынғы клипіне ұқсайды», «Мрачный клип. Не нравится эти люди в лохмотьях с непонятными телодвижениями. Бадоевские заморочки...», «Снимка на камеру очень некачественна, всё снято очень по серому», «Это философия и особая работа! Это заставляет думать и пересматривать и каждый раз ловить новый кайф» деп пікір білдірсе, кейбіреулері бейнебаян желісі қатты ұнағанын айтып, Димашқа шығармашылық табыс тілеген.

Айтпақшы, жаңа туындының астына Димаштың шетелдік тыңдармандары мен жанкүйерлері де жылы лебіздерін қалдырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары