$ 444.32  473.33  4.76

«Корзинаға тастай салу керек»: Асхат Садырбай Димаштың жаңа клипіне тиісті

Маған түк ұнаған жоқ.

Журналист Асхат Садырбай жақында жарыққа шыққан Димаш Құдайбергеновтің жаңа туындысы жайлы желіде ой бөлісті. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz.

«Ән де, клип те быт-шыт. Димаш қана мықты! Мынау клипті көп адам көрмей тұрғанда корзинаға тастай салу керек. Димаштың талантына мүлдем сай емес. Кешіріңдер!

Сюжеті де, идеясы да түсініксіз. Өте әлсіз бейнебаян, әні де біртүрлі. Тек Димаш қана мықты, болды. Маған түк ұнаған жоқ», - деп жазды журналист.

Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын Димаш Құдайбергенов «Знай» атты әніне түсірілген бейнебаянын көпшілікке ұсынған-ды. Ол жайлы Skifnews.kz ақпарат порталы жазған болатын.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары