$ 494.87  520.65  4.91

Төреғали Төреәлінің інісі ғашығына өмірлік жары болуға ұсыныс жасады (ВИДЕО)

Төреғалидің болашақ келіні Аружан Сағынтаева Атырау облысы, Индер ауданының тумасы. Алматыда жоғары оқу орнын оқып жатыр.

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің інісі сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жазады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Төремұрат Төремарат өзінің туған күн кешінде 1,5 жылдай жүрген ғашығына ашық аспан астында сезімін білдіріп, өмірлік жары болуға ұсыныс жасады. 

Төремұрат көпқабатты ғимарат шатырын раушан гүлдері мен ақ түсті шарлармен безендіріп, жүрегін жаулаған аруға естен кетпес тосынсый жасады.

Төреғалидің болашақ келіні Аружан Сағынтаева Атырау облысы, Индер ауданының тумасы. Алматыда жоғары оқу орнын оқып жатыр. 

Төремұраттың қарындасы Динаның айтуынша, ол екеуінің алғаш кездесуінен куәгер екен. 

Жастар өздерінің жаңа өмірге қадам басқанын Instagram-парақшасында жария етті. 

"Бұл күнге де жеттік , ойда жүрген іс еді , осы күнге жеткенім үшін Аллаға шүкір етемін ,мені қолдап ,көмектескен барша жақындарыма , туыстарыма , достарыма алғысым шексіз ,Дина қарындасыма үлкен рахмет айтамын, бүкіл жұмыстарымды бітіріп, көмектесіп, қолдап, қасымда болғаны үшін. Осы бір ұмытылмас кештің Генеральный спонсоры Дина", - деп мәлімдеді Төремұрат Төремарат. 

Естеріңізге сала кетейік, шуақты жаздың ортасында Төреғали Төреәлінің 18 жастағы Фариза есімді қарындасына сүйіктісі ұсыныс жасаған болатын.

Биыл осы әулеттегі қуаныш тағы бір қуанышпен жалғасын тауып жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары