$ 444.22  476.38  4.82

Нүсіпжановтың жас келіншегімен түскен сүреті жарияланды

Желі қолданушылары жас аруды жар еткеннен кейін қарт әртістің тез жасарып кеткенін байқаған.

Нұрғали Нүсіпжанов пен Жадыра Сейдештің желіде қызу талқы тудырған жаңа фотосы Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланған. Суреттен ерлі-зайыптылардың бір тойда дастархан үстінде отырғанын көруге болады.

Желі қолданушылары жас аруды жар еткеннен кейін қарт әртістің тез жасарып кеткенін байқаған.

"Жасарып кетіпті" , "Қандай бақытты, мықты екен" , "Бақытты болсын. Бұл тағдыр, жүзге жетсін", "Нұрғали атамыз бен келіншегі ұқсайды екен", "Тез-ақ жасарып кетіпті ағамыз" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрғали Нүсіпжановтың өзінен 45 жас кіші әйелге үйленгенін хабарлаған болатынбыз. 82 жасында отау құрған әншіні барша отандық жұлдыздар жаппай құттықтады.

Танымал әнші мен Жадыра Сейдештің некелесуі желіде қызу талқыға түскен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары