$ 498.34  519.72  4.85

«Көргенсіз келінді есіктен шығарып жіберу керек!» — әнші Тамара Асар

Тамараның танымалдылығы ұлына да жұғысты болған секілді. Қамбар өнерге деген құштарлығын жиі байқатып жүр.
фото: stan.kz
фото: stan.kz

Журналистермен жүздессе тек шығармашылығындағы жаңалығымен бөлісетін Тамара Асар, бұл жолы жалғыз ұлының болашағына қатысты сыр шертті, деп хабарлайды Shownews.kz.

Бүгінде Тамара  Асардың отбасында ұлы ер жеткен. 18 жасқа қадам басқан Қамбар – студент! Оқуын тәмамдаған соң, анасының қолын ұзартуды көздеп жүр. Ал, жұлдызды ененің болашақ келініне қояр талабы қандай?

«Тамара Асардың келіні ең бірінші Қамбарды сүю керек! Сосын баласын сүйгеннің анасын сүй дейді. Егер ұлым мықты болса, келін ешқайда кетпейді. Ұлың әлсіз болса, онда келініңді жөндеймін деп әрекеттенбей-ақ қой. Егер ұлың мықты болып, ал келінің көргенсіз тап болып жатса, онда есікті ашып шығарып жібеуге де болады. Қандай жынды болса да, келін ұлдың мықтылығына байланысты. Табиғат өзі тәрбиелейді», – дейді Тамара.

Еліміздің әр аймағындағы әнсапарлар мен түрлі салтанатты кештерде жиі жүретін Тамара ханым,  келешектегі келінін естен шығарған емес. Барған жерінде бұрымдылардың әр қадамын бақылып, олардың әрекетін назардан тыс қалдырмайтын көрінеді.

«Тәрбиесі жақсы үйдің келіні де, қызы да көрініп тұрады. Кейбіреулер бергі жағын әдемілеп қояды да, арғы жағы белгілі болып тұрады. Сондықтан,  жақсы үйдің қызын біз алыстан бақылып отырамыз. Бірақ дәл осы жерден келін алсам деп белгі сала алмаймын. Себебі, ол жердің мақсаты қандай екенін, ұстанған қағидасының қандай екенін білмеймін. Мен біреуге асыл болып көрінсем, біреуге жасылмын, жаспын. Біреуге керемет болып көрінсем, біреуге жай ғана әншімін. Сондықтан қыз жақтың да талабымен санасу керек.

Қазақта керемет мақал бар: «Кәрі қыз ұл таппайды, ұл тапса қоярға жер таппайды», дейді. Мен кәрі қыз сияқты тапқан ұлымды әркімге саудалағым келмейді. Бағы ашылсын, өзіне адал сүт емген адам тап болсын деген тілекті күні-түні айтамын. Өзінің де құлағына құямын. Бірақ міндетті түрде бағыттаймын. Менен не көреді, соны өзі іздейді ғой», – дейді әнші ана.

Тамараның танымалдылығы ұлына да жұғысты болған секілді. Қамбар өнерге деген құштарлығын жиі байқатып жүр. Қаршадайынан анасының бірнеше бейнебаянында бой көрсеткен бозабаланың инста-парақшасында 115 мыңға жуық оқырманы бар.

«Өнерге деген құштарлығы бар. Домбыраны жақсы көреді. Аздап билейтіні бар. Сұрасаң әнді де айтып береді. Өнер адамдарының балалары танымал болу деген теріс қағида емес. Себебі, қазақтың маңдайына біткен Роза Бағланованың, Мәдина Ералиеваның ұлы қандай екен деп көргісі келетін қазақ бар. Сондықтан, артында қалған ұрпақ міндетті түрде халықтың көз алдында болғаны дұрыс. Қамбар ұлым өнерді таңдаса қарсы болмаймын», – дейді Тамара Асар.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары