$ 494.87  520.65  4.91

«Мисс немесе әншіні алмағаны дұрыс болды...»: Тәуекел Мүсілім шаңырақ көтерді

Жеке өмірін барынша жасырып ұстағысы келетін жұлдыздардың әр басқан қадамын аңдып отыратын көрермендері желідегі таралған суреттің астына тілектерін жаудырды. Бірақ күмәнмен қарайтындар да табылды.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Танымал актер Тәуекел Мүслімнің аяғына тұсау түскен сыңайлы. Сұр бойдақтар тізімінің көшін бастап тұрған Тәуекелдің неке қидыру рәсімінде түскен суреті желіде пайда болды, деп хабарлады SkifNews ақпараттық порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Инстаграм желісінде таралаған суретте Тәуекел мен оның жары мешіт имамының қасында неке куәлігін ұстап тұрғанын көруге болады. Барлық қыздардың жүрегін жаулаған актер бұл айтулы оқиға туралы тіс жарып ештеме айтпады. 

Той қалай өтті, танымал жұлдыздың жары кім - ол туралы нақты ақпарат шыққан жоқ. 

Жеке өмірін барынша жасырып ұстағысы келетін жұлдыздардың әр басқан қадамын аңдып отыратын көрермендері желідегі таралған суреттің астына тілектерін жаудырды. Бірақ күмәнмен қарайтындар да табылды. 

"Мисс немесе әншіні алмағаны дұрыс болды, қарапайым, әдемі қыз екен. Бақытты болыңдар", "Өтірік болып шықпаса болар еді, қарындасым деп жүрмесе болды", "Өтірік, әдейі түсірілген", "Тәуекел, келін құтты болсын", - деп пікір қалдырды желі қолданушылары. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары